Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2021 жылдың 1 сәуірінде Аягөз аудандық мәслихатының кезекті IV сессиясы өтті

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары, аудандық қоғамдастық кеңес төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдары және 14 депутаттан 12 депутат қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. 2020 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы.

«Аягөз ауданының 2020 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» жылдық есебіне қатысты ШҚО бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы.

2. Аудандық денсаулық сақтау саласының атқарылып жатқан жұмыстары және алға қойған жоспары туралы.

3. «Қазығұл» мекемесінің денсаулық сақтау саласының атқарылып жатқан жұмыстары және алға қойған жоспары туралы.

4. Аягөз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

5. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 04 қыркүйектегі № 52/440-VІ «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/413-VІ «Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Аягөз қаласының, Ақтоғай кенттік және барлық ауылдық округтердің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттеріне өзеріс енгізу туралы.

8. Аягөз аудандық жер комиссиясының дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы.

9. Аягөз ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

10. Аягөз ауданының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын келісу туралы.

11. Жетінші шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының келесі бесінші сессиясының төрағасы туралы.

Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.