Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2021 жылғы 30 наурыз күні сағат 11-00-де аудандық мәслихаттың кезекті V сессиясы өтті

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

1. «2020 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы», аудандық қаржы бөлімінің басшысы К.Ч. Бердигожаева баяндады және облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Е.Б. Атанбаев баяндамаға «2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуының бақылау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының баяндамасы» қосымша баяндама жасады.

2. «2016-2020 жылдарға арналған Ұлан ауданының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Акпанова баяндады.

3. «Алмасай ауылдық округі әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы», Алмасай ауылдық округінің әкімі Т.К. Оспанов баяндады. Баяндамаға қосымша аудандық мәслихат депутаты Н.Тилеужан баяндама жасады.

Күн тәртібінің әр түрлі бөлімінің бірінші сұрағы бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Б. Акпанова «Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылдың 28 желтоқсандағы № 417 «2021-2023 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін таныстырып баяндама жасады.

Күн тәртібінің басқа сұрақтары, 1) «Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;

3) «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 70 «Ұлан ауданы әкімдігінің жанынан терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;

4) «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы»;

5) «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес Құрамын бекіту туралы»;

6) «Ұлан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 наурыздағы № 238 «Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органдарының құрылымын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы»;

7) «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы»;

8) «Аудандық мәслихаттың кезектісессиясының төрағасы туралы» аудандық мәслихат хатшысы Г.Н. Калиева таныстырды.

Сұрақтар шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Кезекты сессияға 10 депутат қатыстып, ол 83 пайызды құрады.

Сессияға аудан әкімі Р. Т. Курмамбаев, аудан әкімінің орынбасары Н. О. Абдыкаримов, дербес бөлімінің басшылары қатысты.