Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы 2020 жылғы 17 қарашада сағат 15.00-те облыс әкімдігі ғимаратында (1 қабат М. Горький көшесі, 40) өтеді.
Тіркеу сағат 14.00-тен басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

2. Әртүрлі мәселелер.