Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылғы 9 қыркүйекте Көкпекті аудандық мәслихатының VI шақырылымының кезектен тыс L сессиясы болып өтті

Сессияда төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 43-2 «2020-2022 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Әртүрлі:

1) Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 20-3/1 «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/5 «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/7 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/4 «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5) Көкпекті ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;

6) Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті елу бірінші сессиясының төрағасы туралы.

Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар бойынша шешім бірауыздан қабылданды.