Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылғы 26 тамызда VI шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу алтыншы сессиясы болып өтті

1. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 14 депутатынан 14 депутат немесе 100 %  қатысты.

2. Мәселелер қаралды:

1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 49/2-VI «2020 - 2022 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының қала, кенттер және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

А.М.Самойлова – экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

2. Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Н.Н. Банникова – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

3. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.

Н.Н. Банникова – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау  туралы.

Т.С. Степанова – ішкі саясат бөлімінің басшысы.

5. 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 35/2-VI «Шемонаиха ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

А.Б. Боровикова – Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы.

6. Алтыншы шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті елу жетінші сессиясының төрағасы туралы.         

А.Б. Боровикова – Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы.

3. Сөз сөйлегендер-1.

4. Жоғары тұрған атқарушы және өкілетті органдардың өкілдері – 0.

Дауыс бергендер:

Қолдағандар - 14 Қарсы болғандар - 0 Қалыс қалғандар - 0.

5. Бақылауға қойылған мәселелер - 0.

6. Жоғары тұрған ұйымдардың атына ұсыныстар түскен жоқ.