Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылғы 21 тамызда шығыс қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХLІ сессиясы болып өтті

Сессияға 42 депутаттың 29-ы қатысып, бұл 69 %-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі. Онлайн көрсетілімге сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясында мына мәселелер қаралды:

1. «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. «Семей қаласында спорттың күштік (бокс, күрес, дзюдо, таэквандо, ауыр атлетика) түрлері бойынша жаттығу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 13/148-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. «Өскемен қ. 125 орындық Academy: RIVIERA-BAMBINI балабақша-кешенін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.

4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясының төрағасы туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

2020 жылғы 21 тамызда сонымен қатар облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясына енгізілген «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасын қарау бойынша мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы болып өтті. Қаралған шешім жобасы бойынша қорытынды қабылданды.