Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Н.Шаухиннің төрағалығымен Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті

Сессия жұмысына аудан әкімі Р. Құрмамбаев, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің аппарат басшысы, бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/299–VI «2020-2022 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Э.Акимбетова – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2. Әр түрлі мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова аудан бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Әртүрлі мәселелер бойынша аудандық мәслихат хатшысы барлық мәселелерге тоқталып, шешім жобаларымен таныстырды.

Шешім жобаларын саралау нәтижесінде 2 нормативтік құқықтық акті қабылданды.

Сессия шешімімен сессия төрағасы Н.Шаухиннің өкілеттігі ұзартылды.