Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2020 жылы 20 шілдеде Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті

Сессия жұмысына 12 депутат қатысты. Сессияға қатысқандар: аудан әкімінің орынбасары Кимасов Сергей Борисович,  Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Литвиненко Евгения Николаевна, Глубокое ауданының қаржы бөлімінің басшысы Нұрғалиев Мерхат Сабитұлы.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 38/2-VI «2020-2022 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Литвиненко Евгения Николаевна – Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а..

2. Глубокое аудандық мәслихатының кезекті қырық сегізінші сессиясының төрағасы туралы.

Сессия күн тәртібінің «Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 38/2-VI «2020-2022 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Литвиненко Евгения Николаевна бюджетті нақтылауда 4 ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Депутаттар мәселелерді талқылап болған соң шешімдер бірауыздан қабылданды.