Басшылық

ҚР ІІМ ТЖК «ШҚО ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Бастық – Мамырбеков Еркін Әбдіқалықұлы

- авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы.
1974 жылғы 14 қаңтарда Семей облысы Мақаншы ауданы, Ақшоқы ауылында туған. Ұлты - қазақ, білім жоғары.
2003 жылы өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша ҚР ТЖК Төтенше жағдайлар Агенттігі Көкшетау техникалық институтын аяқтаған.
1997 жылы қызметін Мақаншы ауылындағы № 15 ӨСБ бөлімше командирі лауазымынан бастаған.
2004 жылдан бастап 2005 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасы № 60 өрт сөндіру бөлімінің мемөртқадағалау инспекторы, 2005 жылдан бастап 2007 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлеукеттік мекемесінің филиалы № 15 өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымында атқарды, 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті Үржар ауданы өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2012 жылғы қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған. 2014 жылғы желтоқсанынан бастап ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бастығы лауазымына тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері: Өрт сөндіру қызметі бастығы қызметінің мақсаты бағынысты бөлімшелердің қызметін басқарудың тиімді деңгейін құру, ұстау және дамыту болып табылады. ҚР ІІМ ТЖК «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы Жарғыда белгіленген құзыреті шегінде әрекет етеді. Өрт сөндіру қызметінің бастығы Өрт сөндіру қызметінің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылық етеді. Өрт сөндірудің мемлекеттік мекемесі бөлімшелерінің өрт сөндіру-тактикалық дайындығына және реттеуші құжаттардың жүргізілуіне, жауынгерлік дайындығына тексеруді, гарнизондық және қарауылдық қызметін өткеруіне бақылауды жүзеге асырады.
Өрт сөндіру қызметі жеке құрамы және күштер мен құралдарының өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстары жүргізуге үнемі дайындықта болуы үшін кәсіби шеберлігін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды.
Өрт сөндіру қызметі бастығы болмаған уақытта оның міндеттерін Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары орындайды.

Қабылдау уақыты: айдың 2,4 дүйсенбі күні, 16.00 – 18.00 сағ.дейін.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, А. Протозановк-сі, 97/1, 304каб.
Телефон: 26-45-10, 25-71-55

Бастықтың орынбасары - Титов Дмитрий Анатольевич

- 1977 жылғы 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында туған. Ұлты - орыс.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін аяқтады. 2000 жылы «өрт қауіпсіздігі» мамандығы Көкшетау техникалық институтын аяқтады. 2007 жылы «заңтану» мамандығы бойынша Орта-Азия университетін аяқтады.

1997 жылдан бастап 2-ӨСБ қарауыл бастығы. 1998-2006 жылдары Өскемен қаласында № 1 өртке қарсы қызмет жасағында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2006 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы қазанға дейін ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары лауазымында өзінің қызметін жалғастырды. 2012 жылғы қазаннан бастап 2014 жылдын желтоқсанына дейін ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бастығы лауазымын басқарды. 2014 жылғы желтоқсанынан бастап ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған

Марапаттары:
- ІІІ, ІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарыдағы мінсіз қызметі үшін» медалі.
- «Өртке қарсы қызметінің үздігі» төсбелгісі.
- «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.

Лауазымдық міндеттері: Өрт сөндіру қызметінің қызметін бақылауды жүзеге асыру және ұйымдастыру, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің, Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының, Өрт сөндіру кезекші қызметінің, Кәсіптік даярлық мектебінің ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау, тиісті тараулар бойынша Қызметтің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді. Өрттерге, авариялар мен табиғи апаттарға шығады және өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысына сәйкес және қалыптасқан жағдайға байланысты өрттерді сөндіруге және авариялар мен табиғи апаттардың салдарын жою бойынша бөлімшелердің жұмысын басқарады. Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінде қызмет өткеруді ұйымдастыру. Қызмет бөлімшелеріндегі шұғыл құжаттардың әзірленуіне, түзетулер енгізілуіне және өңделуіне бақылауды жүзеге асырады. Қызмет бөлімшелерінде қызмет, әскери және қызметтік дайындық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жағдайын бақылайды, оларды жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді.
«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы болмаған уақытта оның міндеттерін атқарушы болып табылады.

Қабылдау уақыты: айдың 2,4 сейсенбі күні, 16.00 – 18.00 сағ.дейін
Мекенжайы: Өскемен қаласы, А. Протозановк-сі, 97/1, 211каб.
Телефон: 26-45-10, 25-51-58

Бастықтың орынбасары -

Лауазымдық міндеттері: Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің қызметтік жұмысын ұйымдастырып, Өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесінің, Өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету қызметінің, Өрт сынақ зертханасы, Техникалық қызмет және құлақтандыру тобының ағымдағы жоспарларының орындалуын бақылайды, тиісті тараулар бойынша Қызметтің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді. Облыстың елді мекендері мен орман-дала аумағындағы ірі өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарын зерттеуге қатысады. Өрт сөндіру қызметіне қарасты қызметтік техникасымен болған жол көлігі оқиғалары фактілері бойынша оқиғаларды тергейді, қызметтік тергеу жүргізуге қатысады. Гарнизон қажеттілігін, нарық өтімін зерделейді және Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерін жанар-жағармай, өрт техникасын, суда жүзетін құралдар, өрт-техникалық жабдықтар, байланыс құралдарын, ұйымдастырушылық техника, материалдар, альпинистік қару-жарақ, сондай-ақ заттай мүлік және құрал-жабдықтарды осы қажеттіліктерге бөлінетін қаржы шеңберінде, сатып алу және солармен жабдықтау бойынша жоғары тұрған органның қарастыруына ұсыныс енгізеді. Қызмет бөлімшелеріндегі өрт және басқа техникасын жөндеуді, өрт-техникалық жарақтануды, байланыс құралдары мен сигнализация, мүліктер мен басқа мүлікті пайдалану тәртібін бақылайды.
Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары болмаған уақытта оның міндеттерін Өрт сөндіру қызметі бастығының басқа орынбасары атқарады.

Қабылдаууақыты: айдың 2, 4 сәрсенбі күні, 16.00 – 18.00 сағ.дейін
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Крылова көш. 86а А.
Телефон: 26-45-10, 25-59-04

Бастықтың орынбасары - Ақаев Ғафур Акайұлы

- Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы скалистое ауылында туған.
1965 жылы 19 тамызда туған, ұлты – қазақ.
1988 жылы өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және техникасы мамандығы КСРО ІІМ АӨТУ аяқтаған. 2001 жылы «Өрт қауіпсіздігі инженері» бліктілігі беріле отырып өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын аяқтаған.

1982 жылдан бастап өртке қарсы қызмет органдарында қызмет етеді. Қызметін өрт сөндіру лауазымынан бастады. 1988 жылдан 2003 жылға дейін Ұлан ауданының мемөртқадағалау инспекторы. 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Ұлан ауданының № 8 мемлекеттік өртке қарсы қызмет жасағының бастығы. 2005 жылдан бастап Ұлан ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды. 2008 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ұлан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды. 2013 жылға қазанда Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған.

Лауазымдық міндеттері: Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің қызметтік жұмысын ұйымдастырып, Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының, Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының ағымдағы жоспарларының орындалуын бақылайды, тиісті тараулар бойынша Өрт сөндіру қызметінің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді. Өрттерге, авариялар мен табиғи апаттарға шығады және өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысына сәйкес және қалыптасқан жағдайға байланысты өрттерді сөндіруге және авариялар мен табиғи апаттардың салдарын жою бойынша бөлімшелердің жұмысын басқарады. Өрт сөндіру қызметі бөлімшелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды. Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінде қызметті өткеру жағдайын сақтауды бақылайды. Кадрларды іріктеу және орналастыру, оқыту және біліктіліктерін жоғарылатуды ұйымдастырады және бақылайды. Басшы құрамның кәсіптік дайындығына бақылауды жүзеге асырады. Өрт сөндіру қызметі бөлімшелеріндегі іс жүргізу мен құжат айналымы бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды. Өрт сөндіру қызметіндегі тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, жалпы дене-күші және бұқаралық спорттық жұмыстың, сондай-ақ саптық қараудың өткізілуін бақылайды.
Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары болмаған уақытта оның міндеттерін орындау бұйрықпен тағайындалған Өрт сөндіру қызметі бастығының басқа орынбасары атқарады.

Қабылдау уақыты: айдың 2,4 бейсенбі күні, 16.00 – 18.00 сағ.дейін
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Крылова көш. 86а
Телефон: 26-45-10, 25-29-16

Заместитель начальника - Тлеубаев Аслан МелисовичБастықтың орынбасары – Тлеубаев Аслан Мелисович

- 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келді.  Ұлты – қазақ. 2005 жылы ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын, өрт қауіпсіздігі – мамандығы бойынша аяқтады, біліктілігі «Өрт қауіпсіздігінің инженері».
Қызметін 2005 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің инженері лауазымынан бастады.

2017 жылдың ақпан айынан бастап «ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Семей қаласының № 2 жасағының бастығы лауазымына тағайындалды.

«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін»  III дәрежелі медальмен марапатталған.

Лауазымдық міндеттері: Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің қызметтік жұмысын ұйымдастырып, Өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесінің, Өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету қызметінің, өрт сынақ зертханасының, техникалық қызмет және құлақтандыру тобының ағымдағы жоспарларының орындалуын бақылайды, Семей қаласының Өрт сөндіру қызметінің тиісті тараулар бойынша жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді. Облыстың елді мекендері мен орман-дала аумағындағы ірі өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарын зерттеуге қатысады. Семей қаласының Өрт сөндіру қызметіне қарасты қызметтік техникасымен болған жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша оқиғаларды тергейді, қызметтік тергеу жүргізуге қатысады. Семей қаласының Қызмет бөлімшелеріндегі өрт және басқа техникасын жөндеуді, өрт-техникалық жарақтануды, байланыс құралдары мен сигнализация, мүліктер мен басқа мүлікті пайдалану тәртібін бақылайды. Семей қаласының Қызмет бөлімшелерінің басшы құрамын іріктеу және орналастыру, олардың білімі мен дағдыларын тиімді пайдалану бойынша шара қабылдау арқылы бірыңғай кадрлық саясатты іске асыруға көмек көрсетеді. Өрттерге, авариялар мен табиғи апаттарға шығады және Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысына сәйкес және қалыптасқан жағдайға байланысты өрттерді сөндіруге және авариялар мен табиғи апаттардың салдарын жою бойынша бөлімшелердің жұмысын басқарады. Семей қаласының Қызмет бөлімшелерінде Қызмет бөлімшелеріндегі шұғыл құжаттардың әзірленуіне, түзетулер енгізілуіне және өңделуіне бақылауды жүзеге асырады. Семей қаласының Қызмет бөлімшелерінде қызмет, әскери және қызметтік дайындық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жағдайын бақылайды, оларды жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді. Семей қаласының Қызмет бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Семей қаласының Қызмет бөлімшелерінде тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, жалпы дене-күші және бұқаралық спорттық жұмыстың, сондай-ақ саптық қараудың өткізілуін бақылайды.

Қабылдау уақыты: әр айдың 2,4 дүйсенбісі, сағат 17.00 – 18.00.
Мекенжай: Семей қ-сы, Дулатов к-сі, 137, 38 кабинет
Телефон: 56-47-30, 52-59-17, факс: 56-15-15.

Заместитель начальника - Тлеубаев Аслан МелисовичБастықтың орынбасары– Фархат Секенұлы  Әміре

-Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылында дүниеге келген. Туылған жылы – 1974 жылғы 19 қараша, ұлты – қазақ. 1998 жылы қазақ мемлекеттік агрардық университетті аяқтады. 2006 жылы академик Жолдасбеков атындағы институтты бітірген. Өртке қарсы қызмет органдарында 1999 жылдың желтоқсанынан қызмет атқарады. Қызметті Шығыс Қазақстан МӨҚ 40-ӨСБ мемлекеттік өртті қадағалау инспекторы лауазымынан бастады. 2001 жылдан бастап 2002 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы МӨҚ 1-МӨҚҚ 3-ӨСБ қарауыл бастығы. 2002 жылдан бастап Алматы МӨҚ ББ 3-ӨСБ қарауыл бастығы. 2004 жылдан бастап Аламаты қ-сы бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММФ бағынысындағы 12-ӨСБ  бастығының орынбасары. 2005 жылдан Шығыс Қазақстан облысы бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММФ Семей қ-сы 2-ӨҚҚЖ 2-МӨСБ аға инженері, сонымен қатар кезекші қызметінің басшысы. 2008 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММФ Семей қ-сы 2-ӨҚҚЖ 45-ӨСБ бастығы. 2014 жылдан бастап «ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Семей қ-ның № 2 жасағының 45-ӨСБ бастығы. 2015 жылдан бастап «ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Өскемен қ-ның мамандандырылған жасағының бастығы. 2017 жылдың маусым айында «Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері: Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің қызметтік жұмысын ұйымдастырып, Өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесінің, Өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету қызметінің, Өрт сынақ зертханасы, Техникалық қызмет және құлақтандыру тобының ағымдағы жоспарларының орындалуын бақылайды, тиісті тараулар бойынша Қызметтің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді. Облыстың елді мекендері мен орман-дала аумағындағы ірі өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарын зерттеуге қатысады. Өрт сөндіру қызметіне қарасты қызметтік техникасымен болған жол көлігі оқиғалары фактілері бойынша оқиғаларды тергейді, қызметтік тергеу жүргізуге қатысады. Гарнизон қажеттілігін, нарық өтімін зерделейді және Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерін жанар-жағармай, өрт техникасын, суда жүзетін құралдар, өрт-техникалық жабдықтар, байланыс құралдарын, ұйымдастырушылық техника, материалдар, альпинистік қару-жарақ, сондай-ақ заттай мүлік және құрал-жабдықтарды осы қажеттіліктерге бөлінетін қаржы шеңберінде, сатып алу және солармен жабдықтау бойынша жоғары тұрған органның қарастыруына ұсыныс енгізеді. Қызмет бөлімшелеріндегі өрт және басқа техникасын жөндеуді, өрт-техникалық жарақтануды, байланыс құралдары мен сигнализация, мүліктер мен басқа мүлікті пайдалану тәртібін бақылайды.
Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары болмаған уақытта оның міндеттерін Өрт сөндіру қызметі бастығының басқа орынбасары атқарады.

Қабылдау уақыты: айдың 2,4 бейсенбісі, сағат 16.00 – 18.00
Мекенжайы:Өскемен қ-сы, Крылов к-сі, 86а
Телефон: 26-45-10, 25-29-16

 

Лауазым Т.А.Ж. Қызметтік телефоны
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары бөлімі
Бастық Тугунов Дмитрий Алексеевич 56-01-30
Өрт сөндіруді бөлімшесі
Бастық Касенов Руслан Бердіқанұлы 25-73-14
Өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесі
Бастық Дмитрий Васильевич Немцев  25-48-42
Әскери - жұмылдыру дайындығы және арнайы жұмыс бөлімі
Бастық Аимқанов Руслан Жұрсінұлы 25-18-50
Кадр жұмысы бөлімі
Бастық Мұстафин Айдын Каирбеқұлы 25-71-47
Өрт сынау лабораториясы
Бастық Данильбеков Думан Болатбекұлы 77-03-54
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы
Инспекторы Муқажанова Арай Бақытқанқызы 25-37-54
Қаржы бөлімшесі
Басшысы Ушакова Татьяна Николаевна 57-03-27
Кәсіптік дайындау мектебі
Бастық Вареников Дмитрий Владимирович 25-29-19
Мемлекеттік сатып алу, активтер және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі
Бастық Еськов Вячеслав Иванович 57-00-08
Куштер мен құралдардың жедел басқару орталығы
Бастық Бутобаев Жамболат Қалібекұлы 25-73 -31, 56-01-65
Өрт сөндіру байланыстың орталық пункті
Бастық Попов Дмитрий Николаевич 26-24-31

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2013-07-12 16:39 / 2017-07-13 16:17