ШӨАЖҚЖ (Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы)

Лапенлавский Игорь Васильевич - ҚР ІІМ ТЖК «ШӨАЖҚЖ (Өскемен қаласы)» ММ жетекшісі

Туған  мерзімі: 1966 жыл ,5 қыркүйек
Туған жері: Өскемен қаласы

Білімі: 1987 жылы Уссурий жоғарғы әскери автомобильді командалық училищесін, командалық тактика  мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек стажы:
1983 -1992 жж. Қарулы күштер қызметі:
взвод командирі;
рота командирі;
батальон штабының бастығы.
1994 -2002 жж. Шығыс Қазақстан шұғыл құтқару жасағында (ШҚ ШҚЖ):
құтқарушылар бөлімшесінің бастығы;
механиқалық қызмет және жасақ байланыс бастығы;
шұғыл жұмыс және кадрларды дайындау бойынша жасақ бастығының орынбасары;
ШҚ  ШҚЖ бастығы.
2002 жылдан бері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің
Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының жетекшісі.
1 класс  құтқарушы.

Марапаттары:
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ)», «70 лет Вооруженных Сил СССР», «100 лет профессиональной подготовке пожарных специалистов России» медальдарымен және «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», II және  III дәрежелі «Қазақстан Республикасы-ның төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін», « «Кен» әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметіне 75 жыл» кеуде белгілерімен марапатталған.

 

Егоров Евгений Викторович Егоров Евгений Викторович - Жасақ жетекшісінің орынбасары-құтқарушы.
Туған мерзімі: 1969 жыл, 2 маусым
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы.
1 класс құтқарушы, 1-2 топты мамандырылған 3 классты сүңгуір.

Білімі:1987 жылы Өскемен қаласындағы (СПТУ-18 ) училищені «Машинист бульдозера,скрепера» мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы «Машинист бульдозера,скрепера 3 разряда» және 2008 жылы Шығыс техникалық-гуманитарлы колледжін «Техническое обслуживание,ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта» мамандығы бойынша бітірді.
1987-1989 жж. Қарулы Күш: инженерлі-саперлі батальон.
2007 жылдың 25 қаңтарынан жетекшінің  шұғыл жұмыс бойынша орынбасарының міндетін атқарды. 2015 жылдың 25 мамырында жасақ жетекшісінің орынбасары міндетіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасының ТЖА, ШҚО әкімшілігінен, ШҚО ТЖД,жасақ жетекшілерінен  мадақтауы бар.2007 жылы  Қазақстан Республикасының ТЖ министрінен «Алғыс хат», жәнеде  III дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» кеуде белгісімен, «100 лет профессиональной подготовке пожарных специалистов России», «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» медальдарымен марапатталған.

 

Қасенов Мұрат ЖайлаубайұлыАсылов Серік Мұхаметқалиұлы - Басшысының орынбасары – құтқарушы

Тұған жылы: 1962 ж.т.
Білімі: 1986 жылы ССРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 1992 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент өрт қауіпсіздігі инженерлерінің факультетін бітірген.
1983 жылы мен 2010 жылы аралығында өртке қарсы қызметінің органдарында әртүрлі лауазымдарында қызмет еткен.
2011 ж. бастап ҚР ІІМ «ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің (Өскемен қаласы) (әрі қарай – СҚҚ) бас маман (сүңгуір) - құтқарушысы қызметін атқарды. 2015 жылғы 11 шілдеден бастап Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (әрі қарай – ШӨАЖҚЖ) сүңгу-құтқару қызметінің жетекшісі ретінде жұмыс істеді. 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жасақ басшысының орынбасары – құтқарушы қызметін атқарады.
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік жүйесінде мінсіз қызмет еткені үшін «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері», III, II, I дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі ушін» медальдарымен мадақталды.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 2014-04-11 16:42 / 2016-02-11 09:05